Пікірсайыс клубы

Біздің мектепте әр сенбі сайын 8-10 сынып оқушылары қатысатын пікірсайыс үйірмесі бар.
Осы пікірсайыс клубына барудың арқасында қатысушылар өздерінің шешендік қасиеттерін айтарлықтай жақсартады, аудитория алдындағы қорқыныш пен толқуды жеңеді.
Сонымен қатар,қатысушылар жағдайға әсер ете алатын, белсенді өмірлік ұстанымын көрсете алатын және өз көзқарасын лайықты қорғай алатын ересек адамның рөлін сезіне алады.